7.04.2017, 11:43
Оқылды: 51

Бір аптада – қос жеңіс!!!

 Karatobe 1 aptada kos   Орал қаласында өткен ІІІ облыстық «Ғылым эксперименттен басталады - 2017» ғылыми-танымдық зерттеушілер турниріне Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып, олжалы оралды.


   -Аталған турнирде мектеп-гимназия шәкірттерінен құралған команда үздік танылып,  І орынға ие болды.  Ал "Эрудит" кезеңі бойынша білімпаздар бәсекесінде бақ сынаған 8 сынып оқушысы Қуаныш Сүйеніш ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   Дәл осы аптада Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының облыстық кезеңінде бақ сынаған білім ордасының шәкірті Ләйлі Аманқос та жүлдегер атанып, республикалық кезеңге жолдама алды, -дейді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлнұр Қайыржанқызы.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале