12.12.2019, 16:12
Оқылды: 25

Бір жылға бас бостандығы шектелді

Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Медет Бисақовтың айтуыша, ағымдағы жылғы қазан айының 18 күні сағат 11.00 шамасында Ақоба ауылының тұрғыны М. есімді азамат «Дружба» қыстағының маңынан киіктердің өлігін тауып алады.

sot

Ғылыми мақсаттарға пайдаланудан басқа Қазақстан Республикасының аумағында киіктердің бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салынғанын ескерместен пайдакүнемдік мақсатпен киіктің мүйізі мен басын заңсыз тасымалдаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚПК-нің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 300-бабына сай күдікті М. есімді азаматтың бас бостандығын бір жылға  шектеу туралы сот үкімі шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек ауданында «Браконьер» жедел іс-шарасын жүргізу кезінде киік атуға қатысты тағы бір іс анықталып, қылмыскердің бас бостандығынан шектелгендігі туралы жазғанбыз. Бұл факті бойынша ҚР ҚПК-ның 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тұрғын мемлекетке 7 575 000 теңге залал келтірген.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале