5.03.2018, 15:33
Оқылды: 56

Бірқатар өнер ұжымы халықтық ансамбль атағын алды

IMG_5484Бүгін Зеленов ауданының əкімі Асхат Шахаров «халықтық» атағын иеленген өнерпаз ұжымдармен жүздесті.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің 2018 жылғы №41 бұйрығы бойынша келген айтулы атаққа ауданнан 4 өнер ұжымы қол жеткізген болатын.
- Кез келген мемлекет өзгеден мəдени дəрежесі арқылы ерекшеленеді. Мəдениетті дамыту, кейінгіге насихаттау, дəстүрдің озығын дəріптеудегі еңбектеріңіз жоғары бағаланып отыр. Мен əр ұжымның қажырлы еңбегіне, бай репертуарына қанықпын. Халықтың сіздерге деген ерекше ықыласын да көріп жүрміз. Еңбектің бағалануы ел алдындағы абыройларыңызды арттырып, жаңа биіктерге жігерлендіреді деп сенемін, - деген аудан басшысы куəлік табыстап, өнерпаз ұжымдарға шығармашылық өрлеу тіледі. Олардың қатарында «Ақ ниет» əжелер ансамблі (жетекшісі Г.Қасиетова), Үлкен Шаған Мəдениет үйінің үлгілі «Нұрай»  би ансамблі (жетекшісі Г.Алканова), халықтық «Достық-дружба» ансамблі (жетекшісі С.Саяпин), Калинин ауылдық Мəдениет үйінің халықтық «Калинушка» орыс ұлттық фольклорлық ансамбльдері ( жетекшісі Н.Сажина) бар.

Өз кезегінде сөз алған ұжым жетекшілері өнер жолындағы бір мүддеге тоғысқан ойларымен бөлісіп, елдің мəдениеті мен өнерінің кең қанат жаюына ұдайы қолдау танытып жүрген аудан басшылығына шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы

IMG_5488 IMG_5499IMG_5495

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале