14.02.2017, 19:10
Оқылды: 23

Бірлесе жұмыс атқаруға шақырды

Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округінде Президент Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.


«Ширек ғасырда еліміз айтулы жетістікке жетті. Қазір Елбасы Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр. Бұл да нақты жұмыстарды қажет ететін іс», - дейді сөз алған «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев.

Жарыссөзге қатысқан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Мерлан Еркеғұлов, балабақша меңгерушісі Гүлназ Жәнікеева, кітапхана меңгерушісі Айгүл Өтепбаевалар Жолдау туралы өз ойларын айтып, елімізді дамыту бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Айша ҚҰРМАШ,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале