4.04.2018, 12:17
Оқылды: 19

Бірлесіп жасар жұмыс көп

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Сапархан Омаров Бөрлі ауданы активімен кездесті.

Бұл жолғы кездесуге «Президенттің әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған Бес әлеуметтік бастамасы» түрткі болды. Депутаттар Үндеуде айтылған бес бағыттың маңызына тоқталды.

Басқосуда елдегі экономикалық, саяси өзгерістері мен рухани сананы түбегейлі өзгерткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында да айтылды. Одан өзге депутаттар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, ел игілігі үшін жасалған мардымды істерді саралады. Депутаттар тұрғындардың тілегін тыңдап, шаруалар мен кәсіпкерлердің мәселелеріне мән берді. Мәжіліс депутаттары өңірлерге жасаған сапарларынан кейін, халықтың талап-тілектері ескеріліп, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмыс бастайтындығын жеткізді. Сондықтан әр пікірдің маңызы зор. Өйткені, Президенттің тапсырмасын сапалы орындау - басты мақсат.

Халық қалаулылары моноқаладағы өткен жылы атқарылған жарқын істерге оң бағаларын берді. Қойнауы қазынаға толы Бөрлі ауданының дамуы үшін атқарылған жұмыстың барлығы елдегі тұрақтылықтың арқасында, деді депутаттар. Сондықтан мәжілісмендер еліміздің дамуы үшін бірлесіп жасар жұмыс көп екендін ескертті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале