30.05.2017, 18:17
Оқылды: 132

Бірлескен есеп беру концерті өтті

Janakala birlesken auil   Жаңақала аудандық Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің ұжымы мен Орал қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің ұжымы бірігіп есеп беру концертін ұйымдастырды. Шығармашылық кеш мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл қазынасы екендігі, ол арман әлем елдермен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемелекет атану екендігі туралы слайд көрсетумен ашылды.


   Одан соң екі жақтың өнерпаздары қазақ, орыс, басқа да ұлт өкілдерінің шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Осы тұста біздің домбырашыларымыз оқ бойы оза шауып Жаңақала күйдің астанасы екендігін тағы бір дәлелдегенін айта кетпесек болмас. Есеп беру концертінде оқушылар білім ордасынан үйренген тамаша өнерлерін ортаға салып, жыл бойына жинаған жетістіктерімен бөлісті.

    Ән мен күйге толы бұл есеп беру концертінен оқушылар да, көрермендер де жақсы әсер алып тарқасты.

  Айта кету керек, өткен жылы қос өнер мектебінің арасында шығармашылық, іскерлік байланыс орнату мақсатында меморандумға қол қойылған болатын.Жас өрендердің өнері мен шығармашылығын дамыту мақсатындағы мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале