4.04.2017, 11:23
Оқылды: 24

«Біртектілік және бірлік» реформасы талқыланды

Зеленов ауданында Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» атты 4-ші реформасын жүзеге асыру барысында басқосу өтті.

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың төрағалығымен өткен жиынға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Рахметолла Сүйірбаев, аталмыш Ассамблея төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Данильбек Саратов және өзге де этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Орынбекқызы аталмыш реформаны іске асыру бойынша ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстардың тінін тарқатты.

Қырықтан астам түрлі ұлт өкілдері татулықтың бесігінде тербеліп, бейбіт ғұмыр кешіп отырған ауданда аталмыш реформа бойынша атқарылған жұмыстардың легін тыңдаған меймандар да сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Мәселен, Рахметолла Хамитұлы ауданымыздың басқа ауылдарында да осындай жұмыстарды жалғастыру қажеттігін тілге тиек етсе, ал Данильбек Саратов ауданда атқарылып жатырған игі істерге бұрын-соңды куә болып жүргендігін жеткізді.

Жиын аяқталған соң олар аудан орталығындағы Қасым Аманжолов атындағы  мектептің  мұражайында болып, жинақталған  құжаттар, көне жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар «Парасат» достық клубына да ат басын бұрды.

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале