13.03.2017, 16:20
Оқылды: 47

«Бірыңғай қабылдау күні»

????????????????????????????????????

   Наурыздың 13-і күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.


  Акцияның мақсаты – азаматтарға жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіру және енгізілген өзгерістер туралы ақпарат беру, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тарту. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының Тасқала аудандық филиалы арнайы акция өткізіп, жеке сұрақтармен тұрғындарды қабылдады.

  Акцияға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез және мекеме-бөлім басшылары қатысты.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале