29.11.2018, 16:12
Оқылды: 38

Бисен ауылында үш мал бордақылау алаңы бар

Бөкей ордасында бір мезгілде 100 бас ірі қараны бордақылай алатын алаңның үшеуі де Бисен ауылдық округінде. «Заман», «Ораз» шаруа қожалықтарының иелері Сағындық Сәрсенов пен Мәлік Момыновтың тәжірибесі мол.

mal bordaqylau

Ал марқұм әкесі Аронның ісін жалғастыруды қолға алған ұлы Ерқанат Сатыбалдиевтің («Каукешев» шаруа қожалығы) да аяқ алысы жақсы. Олар тапсырған 770 ірі қараның қылмайқаны білінбеді.

Еттің сапасын дәміне қарап ажырататын тұтынушылар бордақылауға Нарын құмы мен Бөкей даласының шөбі шүйгін жерінде жайылған малды қалайды. Жем-шөпті бір орнында тұрып жеп, сол жерде суарылған малдың қондылығы қанша жоғары болғанымен етінің дәмі өрісте жайылған малдардікіндей бола алмайды екен.

К.ҒАЙСИН,

Бөкей ордасы ауданы

 

 zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале