14.05.2019, 16:02
Оқылды: 21

Бисен, Мұратсай, Т.Масинде ірі қараның бруцеллезге шалдығу көрсеткіші төмендемей тұр

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов пен бірқатар сала басшысының қатысуымен жиын өтті. Жиынға аудандағы жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық жетекшілері де қатысты.

мал басы

Онда Сатқан Өмірзақов өз саласы бойынша қазіргі таңда атқарылған шараларды тілге тиек етіп, жылдық жоспармен таныстырды. Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Руслан Қайырлиев ветеринариялық мал аурулары мен бұралқы ит-мысықтарды жоюға өткен жылы ауданға бөлінген 103,7 млн. теңге қаражат толықтай игерілгенін, бруцеллез ауруына тексерілген 87 мың ірі қаранның 749-ында ауру белгілері анықталғанын жеткізді. Пайызға шаққанда ол не бары 0.9% құрайды. Баяндамашы Бисен, Мұратсай, Т.Масин ауылдық округтерінде ірі қараның бруцеллез ауруына шалдығу көрсеткіші төмендемей тұрғанын баса айтты.

 «ЕвразияГруппКазахстан» ЖШС-ның директоры, John Deere ресми диллері Дастан Садықов компания ауылшаруашылық саласындағы сапалы техникаға несие арқылы қол жеткізу мүмкіндігін барын айтып, несие мөлшерлемесімен таныстырды. Несиеге кепілзат қажет етілмейтінін, несиенің сомасының белгілі бір пайыз мөлшерінің мемлекет тарапынан субсидияланатынын түсіндірді.

Жиында шаруаны бастаймын немесе ауқымын кеңейтемін деген жанға мемлекет тарапынан қандай қолдау барын кеңінен айтылды.

Әділет Әбдіров,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале