4.05.2017, 19:42
Оқылды: 58

Бисенде волейболдан турнир өтті

Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, бисендік Зүлзала Жиенәлиевті еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ғиылманов ойын кестесімен таныстырғаннан кейін спортшылар Жиекқұм мен Бисен ауылдарындағы орта мектептердің спорт залдарында доп додасын бастап кетті.

Жарыс қорытындысында І орын Бисен, ІІ орын Мұратсай, ІІІ орын Жиекқұм ауылдары командаларына бұйырды.

Армат Маратов (Бисен) «Үздік қорғаушы», Әли Победов (Сайқын) «Үздік ойыншы», Данияр Бакишев (Бисен) «Үздік шабуылшы», Шыңғыс Садыров (Ұялы) «Ардагер спортшы», Алматбек Жахатов (Мұратсай) «Үздік байланыстырушы», Нұрбек Ғазезов (Сайқын) «Үздік төреші» деп танылды. Жеңімпаз командалар мен үздік спортшыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ

Бисен ауылы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале