5.02.2018, 18:17
Оқылды: 22

Биыл Ақжайық ауданында 22 обьектіні іске қосу жоспарлануда

Бұл туралы аудан әкімі Әділ Жоламанов айтты.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте 1727 шаруашылық субьектісі тіркелді.

Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Орал-Атырау» жолында 32 жол сервисін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны мен мұнай құбыры объектілері орналасқан. Өткен 2017 жылы аталған жол бойынан Бударин ауылы тұсынан «Ақ орда» кешені ашылып, жұмысын жасауда.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданымыздың логистикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алдағы уақытта бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Бұған қоса «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шенберінде жобалық құны 369,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске асты /тәулігіне 50 бас мүйізді ірі қара малының етін өндіру кәсіпорны «Батыс Нық» ЖШС кешені – айналымдық қаражат көлемін толтыру, «БатысГрантОйл» ЖШС – өндірістік жаңғырту және Чапаев ауылындағы жеке кәсіпкер Зарина Нурматова жеке балабақшасында ағылшын курсын ұйымдастырды/.

Жалпы өткен жылы кәсіпкерлеріміз 1127,0 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Биыл құны 270,0 млн. теңгені құрайтын 22 обьектіні іске қосу жоспарлануда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале