12.12.2019, 12:59
Оқылды: 64

Биыл Ақжайық ауданында бес медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті

Бүгін Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

aqjaiyq (1)

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Керемет мерекемен тұспа-тұс келген бүгінгі қуаныш ұзағынан болсын. Аудан көлемінде жылма-жыл абаттандыру және күрделі жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жалпы медицина саласындағы жақсы жаңалықтарға тоқталатын болсақ, биыл 5 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Олар Есенсай, Қабыршақты дәрігерлік амбулаториясы, Тасоба, Қызылжар медициналық пункті және бүгінгі ашылғалы отырған Мерген дәрігерлік амбулаториясы. Сондай-ақ үш дәрігерлік амбулаторияның ескі көліктері жаңаланды. Сонымен қатар жуырда аудандық орталық аурухана жанынан компьютерлік томография аппараттарымен қамтылған инсультты орталық ашылды. Бұл орталық облыстың 5 ауданына, яғни Ақжайық, Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов аудандарына қызмет көрсетеді. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы – ел тәуелсіздігінің арқасы. Қашанда қуанышты күніміз көп болсын», - деді ол.

aqjaiyq (4)

Ауыл тұрғыны, зейнеткер ұстаз Ағила Садырова жерлестерін қуаныштарымен құттықтап, жұмысты сапалы, әрі уақтылы бітірген мердігер компанияға алғысын білдірді.

aqjaiyq (3)

Айта кетер болсақ, 1987 жылы салынған дәрігерлік амбулаторияға осыған дейін 2006 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Нысанның биылғы жөндеу жұмыстары 13 қыркүйекте басталып, 3 айға созылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жалпы сомасы 35 млн. 255 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын мердігер «Дизайн» ЖШС жасап шыққан. Сондай-ақ амбулаторияға жаңа стоматологиялық кресло алыныпты.

Рауан Сатыбалдиев

Ақжайық ауданы

суретті түсірген автор

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале