8.12.2016, 12:27
Оқылды: 15

Биыл Бөрлі ауданында 22 спорт алаңы ашылды

Бөрлі ауданында егемендігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 22 спорт алаңы ашылды. Соның бірі бүгін ашылған Жарсуат селолық округіндегі шағын футбол алаңы. 

Алаңның ашылу салтанатымен құттықтау үшін сөз алған Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов, облыстық маслихат депутаты Максим Пак, Жарсуат селолық округінің әкімі Асқар Утилиевтер Тәуелсіздіктің тұғырлы болуын тіледі. Сондай-ақ Жарсуат ауылының дамуына үлесін қосқан азаматтар мен азаматшаларды аудан әкімі А.Халеловтың алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында «Димитрово» ЖШС ауыл шаруашылық өндірісінің мехнизаторы Қ. Асаубаев,  Қарашығанақ ауылының кітапханашысы М. Қазиева, Жарсуат селолық округі мектебінің оқытушысы Ф. Никоненко бар. Алаңның ашылу салтанатының соңы аудандық демалыс орталығының көркемөнерпаздары даярлаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Аида Есенаманқызы

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале