22.12.2017, 12:17
Оқылды: 28

Биыл Бөкей Ордасы ауданында 16 кәсіпкерлік нысан ашылды

Бөкей Ордасы ауданы Ұялы ауылында жаңа азық-түлік дүкені ашылды. Заманауи құрылыс материалдарынан тұрғызылған дүкен қаладағыдан еш кем емес, бейнебақылау камерасына шейін орнатылған.

Биыл ауданда жаңа 16 шағын кәсіпкерлік нысан ашылды. Олардың ішінде шаштараз, фото, сұлулық салондары, шайхана, азық-түлік, шаруашылық дүкендері де бар. Әрине, бұлар үлкен инвестициялық салымы бар жобалар болмағанымен, ауылдағылардың кәсіпкерлікке бет бұра бастағанын аңғартады. Біз оларды, тың жобаларды қолдауға әрқашан да әзірміз.

Ерлан НҮРКЕНОВ,

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Бөкей ордасы ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале