8.02.2018, 12:04
Оқылды: 36

Биыл лубендіктер сапалы ауыз сумен қамтылады

Халық алдындағы есеп кезінде Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев осылай деді.

- «Ақбұлақ» бағдарламасы да ауданда жоспарлы жүзеге асуда. Өткен жылдың соңында тасмолалықтар таза ауыз су құбырына қосылды. Биыл Лубен ауылының тұрғындары да сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Жалпы құрылыстардың құны 340 млн теңгені құрап отыр. Егер бұл жобамыз келер жылы аяқталса, онда аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 60% жетпек.

Ауданды көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 100% жетті. Жыл соңында Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат елді мекенінің тұрғындары көгілдір отынға қосылып, ендігі кезекте осы ауылдың әлеуметтік нысандарын газдандыруды жоспарлап отырмыз.

Басты проблемалық мәселелеріміздің бірі – Шыңғырлау-Ақсай тас жолының бойында орналасқан Ащысай ауылдық округінің 2 елді мекенін ауыз сумен қамту. Бұл мәселелер де өз шешімін тауып, биылғы жылға Амангелді ауылының ауыз су құбырын жүргізу үшін қаражат бөлінді. Осы жобамыз аяғына жеткен соң, келер жылы Ащысай ауылын ауыз сумен қамтуды көздеп отырмыз, - дейді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале