1.02.2018, 16:31
Оқылды: 50

Биыл Өнегеге газ тарту жұмыстары жүргізіледі

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев аудан тұрғындары алдында есебі кезінде осылай деді.

Оның айтуынша, аудандағы 18 елді мекеннің 13-і газбен қамтылған. Ал Ақадыр және Жігер елді мекендерінде тұрғындар санының 50-ден кем болуына байланысты газбен қамту экономика тұрғысында тиімсіз болып отыр.

- Өткен жылы Майтүбек және Жұмаев елді мекендеріне газ жеткізілді. Ал Өнеге елді мекеніне газ тарту жұмыстары осы жылы жүргізіледі. Аталған 3 елді мекеннің тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттамалары жасақталып, қазіргі уақытта сараптамадан өткізілуде.

Жоғарыда аталған 3 елді мекен көгілдір отынмен түгелдей қамтылғанда, аудан газбен 100% қамтылады, - деді Азамат Сафималиұлы.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале