16.01.2019, 11:33
Оқылды: 24

Биыл Тасқалада қар екі есе көп түсті

Тасқала ауданы әкімі А.Халеловтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша жиын өтті.

 tasqala jinalys (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиында күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ауа райының күрт бұзылуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен ауыл көшелерін қардан тазалау сауалдары көтерілді. Әсіресе, көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алу үшін, бүгіннен бастап әр тұрғын өз ауласындағы қарды қолмен тазалап көшеге шығарып тұруын қадағалау қажеті айтылды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Шәуеновтің сөзіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл қардың түсуі 2 есеге көп. Былтыр 15 см болса, биыл 36 см-ге жеткен. Алдын алу шарасын жасамаған жағдайда, көктем мезгілінде су тасқынына алып келуі ықтимал.

-Бүгінде ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалауға барлық техниканы жұмылдырудамыз. Жалпы қардың қаншалықты жиі әрі көп мөлшерде жауып тұрғанын көріп жүрсіз. Қазір ауыл тұрғындарына төтенше жағдайдың алдын алу шараларын түсіндірудеміз,- деді Мәди Тахирұлы.

Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше адамдар құтқару қызметінен келетін телефон хабарламаларына немқұрайлық танытуда.

-Ұялы телефондарына жолдың жабық екенін ескерткен хабарламаны көре тұра жолға шығып кететіндер бар. Соның салдарынан қауіп-қатерге жолығады. Мысалы, 12 қаңтар күні «Тасқала-Орал» тас жолынан біздің бөлім жергілікті атқарушы органдармен 3 жеңіл автокөлікті қардан шығарды. Автокөліктердегі барлығы 13 адамның 4-уі кішкентай бала. Сондай-ақ 69 жеңіл автокөлік Бәйтерек ауданы, Переметный ауылының қиылысына дейін қадағаланып, шығарылып салынды. Бұдан өзге «Тасқала-Озинки» тас жолында 12 жеңіл автокөлік РФ шекарасына дейін қадағаланды. Құтқару жұмысына біздің бөлімнен 4, жергілікті атқарушы органдардан 6, «Казавтодор» компаниясынан 2 адам, 5 техника жұмылдырылды,- дейді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.

Мамандардың сөзін назарға алған аудан басшысы әр жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Назгүл Жәрдемова,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале