5.02.2019, 17:22
Оқылды: 20

Биыл Теректіде 60 отбасы баспаналы болмақ

Бұл туралы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов тұрғындармен есептік кездесуде баяндады. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыстық басқарма басшылары қатысуда.

terekti (27)

-Бүгінде Теректі ауданында үй кезегінде 712 адам тұр. Оларды үймен қамту үшін «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 12 жоба қолға алынды.

Жаңа жыл қарсаңында Федоров ауылында бой түзеген 16 жалдамалы тұрғын үйдің кілттері иелеріне табысталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақжайық және Федоровка ауылдарында үш қабатты тұрғын үй салу басталды. Өткен жылдың маусымында басталған құрылыс биыл аяқталып, тағы да 60 отбасы баспаналы болады.

Ақжайық, Жаңа Өмір, Подстепное және Федоровка ауылдарында салынатын сегіз көппәтерлі тұрғын үй жобаларына сараптамашылар оң қорытынды берді. Бұл жобалар да қаржыландыруды қажет етеді. Аталмыш жоба толықтай іске аса, тағы да 216 отбасы баспаналы болар еді.

Алдағы уақытта жеке тұрғын үй салу үшін Юбилейный ауылында 234 жер телімі берілді. Ақжайық және Жаңа Өмір ауылдарында 873 жер телімін беру жұмысы жүргізілуде. Ауданда 9 791 адам жеке үй салу үшін жер телімін алу кезегінде тұр.

terekti (1)

Сурет авторы Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале