28.12.2018, 12:29
Оқылды: 77

Биыл Зеленовта 39 сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілген

Зеленов аудандық соты 2018 жылды қорытындылады. Әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істер жайы баяндалған кеңеске прокуратура, ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен медиация мамандары және билер сотының өкілдері қатысты.

 IMG_8337

Жыл қорытындысына арналған жиында сот төрайымы Роза Сариеваның айтуынша, биыл 54 тұлғаға қатысты 50 қылмыстық іс түскен. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 4-ке кем. Жоғарыда аталған қылмыстық істердің 35-іне сот үкімі шығарылыпты. Сондай-ақ 7 адамға қатысты іс медиация тәртібімен қысқартылған. Осы ретте сот төрайымы аудан аумағында қызмет ететін кәсіби медиатор Мұрат Кужумовтың ісіне оң баға берді. Өткен жылы 31 адамға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болса, биыл ол көрсеткіш 6-ға көбейген.

Ал қылмыстық істердің санаты бойынша айтар болсақ, биыл онша ауыр емес 4 іс, орташа ауыр 6, ауыр санаттағы 17 іс қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1 іс қаралған.

Азаматтық істер жайында айтар болсақ, биыл 371 арыз түскен. Олардың 14-і кері қайтарылса, екі арыз қабылданбаған. Тағы бір айта кететін жайт, биыл 1 іс бейнеконференциялық байланыс арқылы жүргізілген. Осы күні мемлекеттік тілде жүргізілетін істердің де саны артып отыр. Былтыр 24 іс мемлекеттік тілде жүргізілсе, биыл оның саны 39-ға жеткен.

330 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша түскен істердің 108-іне айыппұл салынса, 90 іс бойынша қамаққа алу жазасы кесілген. 25 іске арнайы жүргізу куәлігінен айыру жазасы белгіленсе, 13 іске ескерту және бір 13 іс бойынша ел аумағынан шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылған.

 Бұдан бөлек, биыл шығарылған үкімдердің ешбірі кері қайтарылып немесе бұзылған жағдай тіркелмеген.

IMG_8340

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале