5.02.2019, 16:39
Оқылды: 61

Биыл Жайық ауылына су құбырын тарту жұмысы басталады

Дәл қазір Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың  халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Дәстүрлі жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыстық басқарма басшылары қатысуда.

terekti (16)

         -Ең алдымен өткен жылғы есептік кездесуде көтерілген мәселердің орындалуын баяндайын. 2017 жылы Жайық ауылының тұрғындарын сумен қамту үшін құбыр құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленді. Өткен жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биыл су құбырын салуға бюджеттен 150,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Сәуір айында жұмыс басталады.

         Тағы бір мәселе Жайық ауылына кіре беріс жолды жөндеу болатын. Бұл мәселемен айналысу кезінде жолдың иесіз екендігі анықталды. Сондықтан иесіз жолды мемлекеттік меншік тізіміне енгізу үшін рәсімі жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес, бұл жұмыс 1 жыл ішінде аяқталады. Мемлекеттік меншікке алынғаннан кейін жөндеу жұмысы жалғасатын болады

Жыл ішінде ауданның кірісі 1 млрд. 404 млн. теңге. Есепті жыл басында ауданның 6 ауылдық округінде бюджеттің 4-ші деңгейі, яғни, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Бұл трансформация көптеген мәселені шешуге ықпал етті.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 млрд. 056,0 млн. теңге болса, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 19,4% -ға артық.

         Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 млрд.725,0 млн. теңге. Инвестиция көлемі 2017 жылға қарағанда 28,7% артты,- деді аудан әкімі.

terekti (24)

terekti (34)

сурет авторы Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале