2.05.2018, 11:04
Оқылды: 45

Биыл Жәнібекте электронды күнделік жүйесіне 3 мектеп қосылады

Бұл туралы Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов айтты.

Оның айтуынша, биыл аудандағы барлық шағын комплекті мектептерге 25 миллион 300 мың теңге қаржы бөлініп, 46  «bilimbook» компьютері берілуде. Сондай-ақ аудан мектептері «ALTEL» компаниясы арқылы спутниктік жүйеге қосылды.

-Үстіміздегі жылғы қыркүйектен бастап «Күнделік» атты портал жұмыс істеп, еліміздің мектептерінде электронды күнделік қолданысқа енгізілмек. Бұл портал биыл аудандағы 3 мектепке қосылады, 8 мектепте робототехника бар, үстіміздегі жылы тағы 2 мектепке алынбақ,-дейді ол.

   Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале