29.11.2019, 19:46
Оқылды: 122

«Бизнес бастаудың» түлектері жобаларын қорғады

Қаратөбе ауданында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері оқытылып, қатысушылар жобаларын қорғады.

 qaratobe biznes2 (3)

Кәсіп ашуға ниеттілердің ауданда соңғы 6-шы легі оқуын бітіріп, сертификаттарын қолдарына алды.

Бағдарлама шарттарына сай жобаға ауданның жұмыссыздары мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысуда.

Бизнес тренер Жаннат Тілесова талапкерлерге «Бизнес бастау» жобасы аясында 12 модуль, кәсіпкерлік негіздерін және «Жас кәсіпкер» жобасымен 10 модульден тұратын кәсіпті үйретті.

qaratobe biznes2 (4)

Қатысушылар аудандық арнайы комиссияның алдында жобаларын қорғады.

Оқу курсында жас кәсіпкерлерге өзінің бизнес жоспарын құрып 100 және 200 АЕК көлемінде грантқа және жеңіл пайызбен несиеге қатыса алатындығы түсіндірілді.

qaratobe biznes2 (1)

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша бітірген 47 адам 200 АЕК көлемінде қаржы алып, 100 % өз кәсібін ашып жұмыстануда.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале