26.05.2020, 21:10
Оқылды: 97

БҚО әкімі Ақсай қаласындағы бірнеше нысанның құрылысымен танысты

Бөрлі ауданында болған облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақсай қаласында жөнделіп және жаңадан салынып жатқан бірнеше нысанның жұмысымен танысты.

b7dd4b40-edd3-46dd-8d46-bfa9e2438a24

Алдымен өңір басшысы қала орталығындағы мектепке дейінгі және қосымша білім беру орталығы құрылысының жұмысымен танысты.

Толықтай жеке инвестиция құйылған 60 орындық балабақша мен 4 қазақ және 4 орыс сыныбына арналған нысан құрылысы былтыр басталған. Қазіргі таңда жұмыстың жартысы аяқталды. Сондай-ақ білім беру орталығы аумағында барлық талаптарға сай келетін бассейн мен спортзалы болады.

7e156ded-d05c-4447-9092-da3f260beeff

-Ақсай қаласында балабақшаға деген сұраныс бар. Ал, бастауыш мектеп жанынан түрлі үйірмелер мен тіл үйрету курстары ашылатын болады. Қазір облыстық шахмат федерациясымен келісім бар. Болашақта спорттың осы түрін тереңдете оқытамыз,-дейді білім беру орталығын іргесін қалаушы ЖШС-нің директоры Нұрсұлтан Дарханов.

Құрылысқа оң бағасын берген өңір басшысы үкімет тарапы жекеменшік балабақшаларға қашан да қолдау көрсететінін атап өтті. Мемлекет бақша салған кәсіп иесінің жұмсаған қаржысының және  бақша салуға құйылған инвестицияның бір бөлігін қайтаратынын айтты.  Ол соммамен ағымдағы шығындарды жабуға да болады. Сондай-ақ жеңілдетілген несие рәсімдеуге және мемлекеттік тапсырыс алу арқылы кеткен шығынның орнын толтыруға болатынын жеткізді.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале