5.07.2019, 15:37
Оқылды: 292

БҚО әкімі - Бөкей ордасында

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бөкей Ордасына келіп, әлеуметтік нысандарды аралап, аудан ахуалымен танысты.

 bokeiordasy (9)

Өңір басшысының ауданға сапары Мұратсай ауылдық округінен басталды. Тоған суының азаюы, Мұратсайға келетін арналардың күрделі жөндеу қажеттілігі айтылды. Тайғара елді мекеніндегі «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асу барысын көрді.

bokeiordasy (14)

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінен хабардар етті. Жай ғана хабардар етіп қоймай, құрылыс қарқынының саябырсу себептерін де ашық айтты.

bokeiordasy (11)

Бұдан кейін облыс басшысы жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысымен танысып, Бөкей орда колледжі, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экологиялық орталығында болып, мекеме басшыларының ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.

bokeiordasy (6)

Сонымен бірге «Zhas Project» жобасының жеңімпаздарымен жүздесті. Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Исатай Құрмашев жоба жетекшілеріне бизнес әліппесін меңгерту жұмысының жүргізіліп жатқанын айтса, жоба жеңімпазы Ермек Шарипов құс фермасын ашу ісінің жүзеге асу барысын баян етті.

bokeiordasy (4)

Аудан активінің жиынында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев ауыл шаруашылығы саласына қатысты еңбек өнімділігін арттыру, инвестиция мен ет импортына қатысты ойларын айтып, нақты тапсырма беріп, міндеттер жүктеді.

bokeiordasy (12)

Ауданның аға буын өкілдері Болат Лұқпанов, Қайролла Сабыров, Гүлжиян Бисекенова мен аудандық мәслихат депутаты Нағым Тәжімұратов жол мәселесі, шекарадан өтуді жеңілдету, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты түйткілді мәселелерді облыс басшысының назарына ұсынды.

bokeiordasy (13)

Актив жиынынан кейін облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан тұрғындарын жекелеген мәселелері бойынша қабылдады.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

bokeiordasy (1) bokeiordasy (3) bokeiordasy (5)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале