7.02.2019, 18:44
Оқылды: 18

БҚО әкімі Бөрлі ауданында болды

Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиевтің халық алдындағы есебіне қатысуға барған облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.

borli (1)

Облыс әкімі Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Bolashaq» коворкингінің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауданның белсенді жастары мен «Болашақтықтар», «Арманшыл кітапқұмарлар» клубы мен «Көшбасшы жастар» клубының мүшелерімен, озық ойлы жастармен кездесті.

- Бөрлі ауданында жастарға жасалған қамқорлық көңіл қуантады. Сондықтан жастар да ауданның тіршілігіне белсене араласқаны дұрыс. Мемлекет жастарға қолдан келген жаңа мүмкіндіктерді жасайды. Тек сіздер алғыр да озат, бәсекеге қабілетті болуларыңыз керек,-деді Алтай Көлгінов жиылған аудан жастарына.

borli (2)

Жастармен кездесуден соң облыс әкімі аудандық өлкетану музейіне барды. Жөндеуден өтіп, жаңарған музейдің жәдігерлерімен танысып, ауданның тарихына шолу жасады. Алтай Сейдірұлы музей кітапшасына естелік жазба қалдырды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

borli (3) borli (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале