4.07.2019, 9:46
Оқылды: 276

БҚО әкімі Қазталов ауданында

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Қазталов ауданына барды. Алдымен Жалпақтал ауылында болып, ауылішілік жолдарға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

qaztalov (2)

Айта кетейік, биыл Жалпақтал ауылында 2,6 шақырым асфальт жолы мен 1,9 шақырым жаяу жүргінші жолын төсеу жұмысы жүргізілуде. Жобаның құны - 310 млн. теңге. Құрылыс жұмысын «Анушқұрылыс» ЖШС жүргізуде. Жауапты мекеменің өкілдерімен кездескен облыс әкімі жол салуды сапалы орындап, уақтылы аяқтауды тапсырды.

Жалпақтал ауылындағы орталық саябақта болған облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл түлектері атқарған игі істермен танысты. Ауданда «Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы 33 млн. 530 мың теңгенің 17 жобасы, 2018 жылы 90 млн. теңгенің 43 жобасы іске асырылды. 2019 жылдың мамыр айында әр жылдардағы мектеп түлектерінің бастамасымен 28 млн. 680 мың теңгенің 28 жобасы жүзеге асқан. Соның ішінде жалпақталдық түлектер 16 млн. 500 мың теңге тұратын 4 жобаны туған ауылға тарту етті.

Биыл Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында жаңадан ашылған нысанның бірі – «Жалын» коворкингі. Жастар жылына орай ашылған нысанда аудан жастарының уақытты тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. «Жалын» коворкингінде облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан жастарымен кездесті.

Облыс басшысының тағы бір назарға алған нысаны - Қараөзен бойында орналасқан Гүрілдеуік бөгеті. Қараөзен ауылында орналасқан бұл бөгеттің жоғарыдан келетін судың деңгейін ұстап тұруда маңызы зор.

qaztalov (3)

Ауданда балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін лагерьлер жұмыс жасауда.

qaztalov (10)

Жаңажол ауылдық округінде орналасқан «Ақкөл» балалар демалыс лагеріне барған облыс әкімі нысанның жұмысымен танысып, демалып жатқан оқушылармен жүздесті. Аталмыш лагерьде бір маусымда 36 оқушы демалады.

qaztalov (9)

Қайрат Жақып

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале