22.06.2020, 11:01
Оқылды: 162

БҚО әкімі Сырымға сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев күрделі жөндеуден өткен "Қайсар" спорт кешенінің жұмысымен танысты.

241F0E74-4EED-4AB2-8A49-07E701EA116F

Ауданның спорттағы жетістіктеріне қанық өңір басшысы жаңа кейіптегі спорт кешенінен жаңа чемпиондар шықсын деген тілегін білдіріп, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секілді үстел ойындары үйірмесі барлық ауылдарда болуы қажеттігін айтты.

***

Облыс әкімі Ғали Есқалиев күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында болды.

E92830B6-8AEC-459F-B1AB-7A767C079B91

   Қазір орталықтың ғимаратын шатырын ашып, жөндеу жүргізілу үстінде.

Ғали Нәжімеденұлы жұмысшылармен кездесті. Жұмыс күшіне жергілікті тұрғындарды тарту туралы тағы да айтты.

   87 үйірмеде 1025 бала тәлім алып келетін балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ұжымы күрделі жөндеуден соң, өз ғимараттарына қайтадан қоныстанатын болады.

***

Ғали Есқалиев аудан орталығында қазір бос тұрған өкпе аурулары аурухана ғимаратымен танысты.

D811FE30-48F1-45D4-B66B-DD6754EECC28

Аталмыш ғимаратты аудандық полиция бөліміне беру туралы ұсынысты талқылады.

***

Биыл Шағырлой ауылындағы Абай орта мектеп-балабақша кешені күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстарының құны 416,5 млн. теңге. Келісім-шарт бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі –  2020 жылдың 18 тамызы. Құрылыс кезінде ашылуға тиіс жұмыс орны – 109, қазіргі уақытта 103 адам жұмысқа тартылды.  Жұмыспен қамту орталығы арқылы 43 адам қамтылып отыр.

7C197859-FCA0-4740-9B3E-F70A2568CD98

   Абай орта мектебінің бір корпусы интернат ретінде жасақталуда. Елді мекендердің  балаларын қамту үшін интернат өте тиімді болмақ.

   Облыс әкімі мектептің жөнделуінен бөлек, жабдықталуын сапалы атқаруды сұрады. Ғали Нәжімеденұлы: "Осы мектеп ауылдың дамуына түрткі болсын!" деген тілегін білдірді. Мектептің жөнделуі, жабдықталуы – ұстаздар мен оқушыларға жасалған жағдай екенін атап өтті. Мектепте 150 балаға дейін білім алуға мүмкіндік болса, әрі қарай оқушы санын көбейтуді тапсырды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Шынар Молданиязова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале