5.07.2019, 11:03
Оқылды: 128

БҚО әкімі Жәнібек ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

Жәнібек ауданындағы активтен соң облыс әкімі Ғали Есқалиев Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекеніндегі ауыз су құбырын тарту жұмысымен танысты.

 IMG-20190704-WA0116-800x533

«Жайықгазсуқұрылыс» ЖШС-ның басшысы Абылай Бақтығалиев атқарылып жатқан жұмыс барысының мән-жайын түсіндірді.

Сондай-ақ өңір басшысы Қамысты ауылдық округіндегі су айдайтын стансада болды. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Төлеген Ғұмаров суару-суландыру жүйесі жұмыстарының екі жылдық жоспарымен таныстырды.

IMG-20190704-WA0105-800x533

Оның айтуынша, магистральді арнаның ұзындығы 34 шақырым. Ресейден келетін Еділдің суы санитарлық-экологиялық бағытта қолданылады.

IMG-20190704-WA0119-800x533

IMG-20190704-WA0111-800x533

Гүлзара Тілекқабылқызы

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале