23.05.2020, 20:52
Оқылды: 428

БҚО әкімі Жұлдыз ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің жай-күйімен танысты

Кеше өңір басшысы Ғали Есқалиев Казталов ауданында болып, жоспарланған жұмыстардың орындалу барысымен танысты.

IMG-20200523-WA0225

Осы ауылдық округке қарасты Жұлдыз ауылындағы А.Хұсайынов атындағы мектептің әбден тоғызы жетіп, апатты жағдайда тұрғанына біраз жыл болған. Сонау 1989 жылы екі пәтерлі тұрғын үйдің есебінен салынған білім ошағы 80 оқушыға шақталған.

IMG-20200523-WA0224

Казталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жәнгерееваның айтуынша, 2018 жылы мектепті жаңадан салуға жобалық сметалық құжаттама жасалған. Қажетті қаражаттың бөлінбеуі себепті құрылыс жыл сайын кейінге шегеріліп келген. Келер жылдың ақпан айында жобалық құжаттың жарамды мерзімі өтпек. Бүгінде мекепте жүзден астам оқушы білім алса, білім ошағы жанындағы шағын орталықта 48 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оқушыларды толыққанды біліммен қамту үшін 18 кабинет қажет болса, көне мектепте тек тоғыз кабинет қана жұмыс жасайды. Ауылда 14-29 жас аралығындағы 159 жас бар. Елді мекенде жаңадан үйлер салынып, жас отбасылардың саны да жыл санап артуда.

IMG-20200523-WA0226

Жұлдыз ауылында болған облыс әкімі апатты мектептің жай-күйімен танысып, ақсақалдармен, ауыл тұрғындарымен тілдесті.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале