4.08.2018, 13:43
Оқылды: 23

БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Шыңғырлаудағы құрылыспен танысты

БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев іссапармен  Шыңғырлау ауданы орталығындағы және ауылдық округтердегі бірқатар нысандарды аралап, құрылысы жүріп жатқан ғимараттар мен су құбырларының жұмыстарымен танысты.

Ол алдымен Ақшат ауылдық округінде бой көтеріп жатқан амбулаторияның құрылысымен және ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп жатқан «Батыс Газ Строй» құрылыс компаниясының жұмыстарымен танысты.

-Құрылысы былтыр басталған нысанға республикалық бюджеттен 80% , ал қалған 20% қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Нысанды тамыз айында тапсыру жоспарда бар,- дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Талғат Самиев.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Жаңакүш ауылында салынып жатқан су қоймасының жұмысымен танысты. Оған республикалық қазынадан 80 млн. теңге бөлінген. Нысан жұмыстарын қазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Аудан орталығында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектепті аралап, құрылыс басшыларына  мектеп ғимаратын сапалы, дер кезінде аяқтау керектігін айтты.

Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралау А.Құнанбаев және Л.Қлышев көшесінің қиылысындағы алаңды абаттандыру жұмыстарымен аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс ұзақтығы - 4 ай. Жобаның құны 116 110,0 мың теңге.

Осылайша нысандарды аралаған Бағдат Оразалдыұлы құрылыс жұмыстарының жүйелілігін қадағалайтынын және оған жауапты басшыларға атқарылып жатқан жұмыстарды жіті назарда ұстау керектігі жөнінде тапсырма берді.

Алия КУЗБАЕВА

Шыңғырлау ауданы

IMG_5613[1]

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале