19.05.2018, 13:50
Оқылды: 47

БҚО басшысы Тасқала ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

IMG_2211[1]Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов іссапармен Тасқала ауданында болып, құрылыс нысандарын аралады.


Алдымен өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Амангелді ауылындағы ауыз су құбырын қайта жаңғырту мақсатында атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

Айта кетейік, «ҚұрылысГаз» ЖШС жүргізіп жатқан аталмыш жұмыс республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Жоба құны 293,677 млн. теңгені құрайды. Жоспар бойынша 2017 жылдың мамыр айында басталған жұмысқа бөлінген қаржының былтырғы жылы 60 млн. теңгесі игерілген.

Су құбырының жалпы ұзындығы 13,029 шақырым. Жұмыс толықтай аяқталған жағдайда, 1401 тұрғын ауыз сумен қамтылмақ.
Жұмыс қарқынын өз көзімен көрген өңір басшысы ауыл тұрғындарымен де кездесті.

– Елбасы өз Жолдауында елді мекендерге орталықтандырылған таза ауыз суды жеткізу керек деген тапсырма берген болатын. Осыған орай биыл біз облыста елу елді мекенге ауыз су беретін боламыз. Соның ішінде Тасқала ауданы бойынша төрт елді мекен бар. Біздің мақсат - ең алдымен халықты таза сумен қамтамасыз ету. Ол денсаулыққа пайдалы. Өткен жылы да елуден астам елді мекендерге су бердік. Өздеріңіз білесіздер, Жәнібек, Бөкейорда, Жаңақала аудандарының орталығында су болған жоқ. Елбасының тапсырмасына орай үкіметтен қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Енді тек сіздерге соның қызығын көру ғана қалды,-деді Алтай Сейдірұлы өз сөзінде.

Одан әрі облыс әкімі Орал-Саратов тас жолының Тасқала –Саратов бағытындағы жол жұмыстарымен танысты.

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале