5.12.2017, 11:20
Оқылды: 21

БҚО-да 119,5 млн. евроға жел электростанциясы салынады

Бөрлі ауданында құны 119,5 млн. евро болатын жел электр станциясын салу жоспарланып отыр. Бұл жұмысты «Жел энергиясы» серіктестігі қолға алды. Келер жылы алғашқы жұмыстары басталады.

Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов пен «Жел энергиясы» серіктестігінің директоры Мұрат Қаныбеков екі жақты меморандумға қол қойды. Қуаттылығы 50 МВт  болатын станция 2020 жылы пайдаланылуға берілмек.

Баламалы қуат болашақ көзі екендігі даусыз. Желден электр қуатын алатын құрылғы енді Ақсайда қаласында салынады. Нарық заманында үлкен сұранысқа ие құрылғыны жасау үшін голландиялық материалдар пайдаланылады. Жалпы Бөрлі ауданыны электр энергиясыны қажеттілігі жазғы мезгілде он екі мегаватт болса, қыста он бес мегаватты құрайды. Яғни қуаттылығы елу мегаватт болатын құрылғы тек Бөрлі ауданын емес, іргелес аудандарды жарықтандыруға жетеді екен.

2020 жылға дейінгі жасыл экономиканы іске асыру бағытындағы жоба  жергілікті елу адамды жұмыспен қамтиды.  Ал құрылыс жұмыстарына жүз жиырма адам тартылады.

«Қазақстанда жасыл экономиканы жандандыруға толық мүмкіндіктер бар. Мәселен біз бүгін осы бағытта теңдесі жоқ жобаға қол қойдық. Бұл жобаның жағымды жаңалығы көп. Бұл алдымен ауданға келетін қомақты инвестиция, екіншіден жұмыс орны ашылады. Алдағы жылы сметалық құжаттар дайындалады. Ал 2019 жылы құрылысы басталып, 2020 жылы желден энерияны аламыз» деді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Өтегенов.

Жоба Ақсайдың солтүстік бөлігінде іске асады. Оған жүз гектер жер де бөлінді. Жобаның құрылысын ресейлік компания қолға алмақ. Аталған компанияның бұл істе тәжірибесі мол.

Айым  НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале