25.05.2018, 14:45
Оқылды: 22

БҚО-да 3 жасар баланы ажалдан арашалап қалған оқушы марапатталды

Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков суға батып жатырған 3 жасар баланы ажалдан арашалап, үлкен ерлік жасаған қошанкөлдік, Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатовты ата-анасымен бірге қабылдады.

Қабылдауда аудан әкімі Абат Абайұлы,- Нұрдәулеттің бұл әрекеті барлық қазақ халқына үлгі боларлық ерлік деуге толық негіз бар. Осындай бүлдіршінді тәрбиелеп отырған сіздерге аудан халқы атынан алғысымыз шексіз! Нұрдәулет баламыздың болашағы жарқын болсын!- деген тілегін жеткізе отырып, батыр балаға облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан арнайы келген және өз атынан жазылған алғыс хаттарды табыс етті.

Қабылдауда сөз алған Нұрдәулеттің ата-анасы Асқар мен Гүлжан әкімге алғысын білдірсе, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков Нұрдәулетті Алматы облысы Қапшағай қаласындағы балалар жазғы демалыс лагеріне демалуға жіберетіндігін айтты.

Қабылдаудан кейін аудан әкімі Нұрдәулетке аудан тұрғындары атынан су жаңа велосипедті сыйға тартты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале