8.08.2017, 17:42
Оқылды: 22

БҚО-да 5 баланың анасы өз-өзіне қол салды

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 1979 жылғы тұрғын өз-өзіне қол салды. Марқұмның артында бес баласы қалған.


Жалпақтал полиция бөлімінің хабарлауынша, оқиға 4 тамыз күні тіркелген. М. есімді келіншек өзінің үйінде асылып қалған. Ешқандай дене жарақаты жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Жалпақтал аймағы бойынша жыл басынан бері 3 суицид тіркеліп отыр.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале