2.10.2017, 16:30
Оқылды: 13

БҚО-да әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті

Шалқар көліне құятын Аңқаты өзені жағасында «Қармақта – алтын балық» атты әуесқой балықшылар арасында жарыс өткізілді.

Бұл жарыс екі жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Әуесқой балықшылар Орал қаласы, Шағатай ауылдық округі, Шалқар ауылдық округінен келіп, 6 командаға бөлінді. Жарыс таң қылаң бере басталып, түске дейін жеңімпаздардың да есімдері белгілі болды. Нәтижесінде І орынды Орал қаласынан келген «FISHKA» командасы иеленсе, ІІ орынды  шағатайлық  «НұрШағатай» командасы місе тұтты. Үздік үштіктің қатарынан Орал қаласының «Радион» командасы көрінді. Жеңімпаздарға алтын кубок пен бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыс аяқталған соң балық сорпасынан келген командаларға түскі ас берілді.

Рүстем Арыстанов

Шалқар ауылдық округінің  жастар жетекшісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале