2.06.2017, 17:38
Оқылды: 29

БҚО-да ауыл кітапханаларының фестивалі ашылды  

 

Қаратөбе ауданына қарасты Сулыкөл ауылдық модельді кітапханасында «Ауыл кітапханаларының фестивалі» облыстық жобасының ашылу салтанаты өтті.


Алдымен «Тарихы  –  дастан, толғауы – жыр Қаратөбе» атты көрме таныстырылымы болды.

Одан соң аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалығымен пленарлық отырыс өтті. Отырыста сөз алған Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың директоры Шолпан Қуанышқалиқызы:

- Ауыл халқының нақты білім мен ақпарат алатын орны осы ауыл кітапханалары. Біздер кітапхана саласындағы жаңа озық технологияларды меңгере отырып, ұлтымыздың тарихи тәжірибесі мен дәстүрлерін сақтап, дамуымыз керек. Осыған орай облысымыздың кітапханаларында «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде, - дейді.

Шара барысында «Кітапхана – интернет кеңістігінде» атты аудандық орталықтандырылған кітапхана сайты, «Алаш қозғалысы және ұлттық идея» тақырыбындағы мультимидиялық құралдың тұсаукесері, «Кітапханалық туризм», «Десант кітапхана», «Әдеби баттл» сынды кітапханалық жобалар таныстырылды. Шара соңында бірқатар сала мамандары марапатталды.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале