24.10.2017, 12:19
Оқылды: 18

БҚО-да ауыл мектебі ұжымы өлкетану музейін ашуды қолға алды

Мемлекет басшысының «Туған жер» бағдарламасында атап көрсетілгендей қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы тарихтан сыр шертеді.

Қазталов ауданы Саралжын ауылындағы М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебінде өлкетану музейін ашуды қолға алып жатыр екен. Жарас Ғалымов басқаратын ұжым мектеп ішінен бір бұрыш ашып, тарихи жәдігерлерді жинақтауда. Әртүрлі кезеңдерді қамтитын жәдігерлер ішінен қанжар, қылыш және садақтың жебесі ерекше көзге түседі. Мектеп директорының айтуынша, бұл жәдігерлер ауылдан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Бірәлі обасынан табылған. Қай ғасырда жасалғаны белгісіз. Зерттеуді қажет етеді. Бірәлі сияқты обалар Саралжын ауылы аумағында көптеп кездеседі екен. Жарас Ғалымовтың сөзінен байқағанымыздай, бұндай жәдігерлер обаның беткі қабатынан ғана табылған. Ал астыңғы қабатында қандай құнды заттар жатқанын көру үшін қазба жұмыстарын жүргізу керек сияқты. Бұл болашақтың еншісінде демекпіз.

Шалғайда жатқан шағын ғана ауылдың тарихын ашып жатқан мектеп ұжымының еңбегі барша қазақстандықтарға үлгі болары анық.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

_MG_0630 _MG_0631 _MG_0634

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале