28.11.2017, 14:44
Оқылды: 20

БҚО-да ауыл тұрғыны он күннен бері іздестірілуде

policiaБұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаев хабарлады.

- Қазталов ауданы, Талдықұдық ауылдық округінің тұрғыны, 1985 жылы туған Дәурен Оразаев іздестірілуде. Ол 18 қараша күні кешқұрым Ақпәтер ауылынан дала жолымен шыққан сыңайлы. «Жигули» автомобилі Талдықұдыққа жетпей, су арнасы жағасында қалған. Ал өзі ұшты-күйлі жоқ. Табылған «Жигулидің» алдыңғы дөңгелегі қатты бірдеңеге соқтығысқан. 24 қарашадан бері іздестірудеміз, көптеген елді мекенге бардық. Нәтиже жоқ,-дейді М.Қабақаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале