19.03.2019, 15:49
Оқылды: 19

БҚО-да бекіре тұқымдас балық аулаған әкелі-балалы 3,3 миллион теңге айыппұл төлеп, 2 жылға сотталды

Биылғы 2 ақпанда Ақжайық ауданындағы Ақбұлақ ауылының тұрғындары әкелі-балалы С. мен О. жалпы салмағы 4,4 келі болатын 10 дана сүйрікті қапшыққа салып, қолшанамен ауылға әкеле жатқанда табиғат сақшыларына ұсталған. Олар бекіре тұқымдас балықты Жайық өзенінен ау арқылы ұстаған.

b

Сот отырысында сотталушы О. тағылған айыпты және азаматтық талапты толық мойындап, әкесі С. екеуі сүйрік балықтарды ауылға қарай алып келе жатқан кезде инспекторлар ұстағанын, болған іске өкінетінін, мұндай құқықбұзушылықты бұдан былай жасамайтындарын айтты.

Сот отырысында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Н.Сұпығалиев сотталушылар мемлекетке 3 333 000 теңге мөлшерінде залал келгенін, сол себепті аталған соманы өндіру туралы талап арызды қолдайтынын, сотталушыларға басқа талабы жоқ екенін баяндап берді.

– С. мен О. ҚК-тің 335-бабы, 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге балық аулаумен айналысу құқығынан айырыла отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚК-тің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп саналды. Екеуінен бірлескен тәртіппен мемлекет пайдасына 3 333 000 теңге шығын өндірілетін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, -дейді Ақжайық  ауданы №2 соты кеңсесінің бас маманы Айгүл Тұралиева.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале