8.02.2018, 17:36
Оқылды: 95

БҚО-да бес адамды ит талаған  

3cb87375-cea2-4cd9-b01f-f7622d34087eБүгін таңертең Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Көгеріс елді мекенінде бес адамды ит талаған. Оның үшеуі ересек адам болса, екеуі – мектеп оқушылары.


 

Оқыс оқиғаны естіген бойда, мән-жайды білмек болып Көгеріс негізгі мектебінің директоры Жақсыгелді Қайыровқа телефон шалдық.

4bcde5f7-3b70-4309-a14e-5df5e72ea7fbМектеп басшысының айтуынша, таңертең сабаққа келе жатқан оқушыларға шапқан ауыл иті мектептің ауласында 2-сынып оқушысы Арман мен 9-сынып оқушысы Айнұрды қапқан. Балаларды арашалауға шыққан мектеп күзетшісі Изимов Рашид пен газ қазандығының операторы Мерц Мақсотқа да қабаған иттің тісі батыпты.

badfa4c0-93a4-48c2-a4ba-1f7dfce41392Ал мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мұратов Қуандықты бір күн бұрын дәл осы ит талап тастаған екен.

Оқиға болған жерге жүгіре жеткен ауыл тұрғындары адамдардың өміріне қауіп төндірген итті сол бойда атып тастаған. Ал итке таланғандарды дереу өз көліктерімен аудан орталығы Жымпитыдағы аудандық ауруханаға жеткізіпті.

0af83b50-0014-4eae-80c3-059aa46f2094- Жарақаттанғандардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Барлығы да тиісті ем-домдарын алып, үйлеріне қайтарылды, - деді Сырым аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Роза Тахамбетова.

Хабар түскен бойда оқыс оқиға болған Көгеріске дереу жеткен ветеринарлық қызмет мамандары ала таңмен елді дүрліктірген қабаған иттің денесін өртеп, басын сараптамадан өткізу үшін өздерімен бірге ала кеткен. Айтуларынша, сараптама нәтижесі бір айдан кейін белгілі болмақ.

Айгүл Ахметова

zhaikpress.kz

52f3aa3e-481a-44e9-b084-7a6eb74c8efd 4588b7af-7a25-4831-915f-c7fb5b86b584

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале