19.10.2017, 17:41
Оқылды: 19

БҚО-да бокстан халықаралық турнир басталды

Ақсай қаласында бокстан «Достық-Дружба» кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы ХХ дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Жарысқа Беларуссия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан, көршілес Ресей елінің Орынбор облысы, Орск қаласынан, еліміздің Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Ақсай қаласынан барлығы 67 спортшы өз бақтарын сынауда.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Бөрлі ауданының әкімі А.Халелов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кету керек, аталған турнир үш жылдан бері еліміздің жоспарлы жарысына енгізілді. Ал бірінші орынды қанжығаларына байлаған боксшылар спорт шеберлігіне үміткер деп танылатын болады. Әр мемлекеттің ұлттық құрамына енген спортшылардың жекпе-жегі тартысты өтеді деп күтілуде. Аталған турнир 21 қазанға дейін жалғасатын болады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале