7.08.2017, 17:28
Оқылды: 24

БҚО-да даладағы өрт кезінде зардап шеккен тұрғын көз жұмды

 

30 шілде күні Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде далада болған өрттен зардап шеккен 1990 жылғы тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.


БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық-емдеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, денесін 80 пайызға дейін күйік шалған жігіт кеше сағат 08.40-та Орал қалалық көпбейінді ауруханасында көз жұмды.

Еске сала кетейік, Талдыпан ауылдық округінде болған өрттен 600-ге жуық қой-ешкі жанып кеткен еді. Оған қоса сол кезде қой бағып жүрген азамат әуелі Жалпақтал ауруханасында тасымалдауға жарағанша ем алып, одан санавиациямен Оралға жеткізіліп, қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале