26.09.2017, 12:03
Оқылды: 24

БҚО-да дәрігерге ескерткіш тақта қойылды

Ақжайық ауданының «1 Май» ауылында тұрып, еңбек еткен дәрігер Ұлықпан Сисеновтің есімі облысымызға жақсы мәлім. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері, «Құрмет» орденінің иегері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы ол егер арамызда болса, 80 жасқа толар еді. Осыған байланысты ауылда еске алу шаралары өтті.


Аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева, аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрушев, марқұмның әріптестері Мұқан Меңдіғалиұлы, Мария Меңдіханқызы, Роза Темірханқызы, жары Райса талай адамды кәміл ажалдың тырнағынан аман алып қалған абзал жан туралы естеліктер айтты. Мектеп мұражайынан Ұлықпан Әдиұлының еңбегіне арналған бұрыш ашылды. Ол 47 жыл табан аудармастан қызмет істеген Первомай дәрігерлік амбулаториясы ғимаратында ескерткіш тақта ашылды.

Сондай-ақ Ұ.Сисеновты еске алуға арналып 2005-2006 жылдары туған ұлдар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Ауданның 6 мектебінен балғын аяқдопшылар қатысқан жарыста І орынды Алғабас орта мектебінің командасы иеленді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале