24.08.2019, 13:34
Оқылды: 377

БҚО-да ешкі сүтін өңдейтін зауыт ашылды

Тоқсан тоғыз ауруға ем ешкі сүтінің қадірін жете түсінген белгілі шаруа облыста алғашқылардың бірі боп ешкі сүтін өңдеу зауытын ашты.

ешкі 4-800x600

Бәйтерек ауданы Щапов ауылында іске қосылған ешкі сүтін өңдейтін зауытта сүт өнімдерінің 6 түрі өндіріледі. «Бисекеш» шаруа қожалығына тиесілі «ORAL MILK» сүт зауытында Швецариядан әкелінген заннин тұқымды ешкілер тәулігіне 300 литрге дейін өнім береді. «ORAL MILK» сүт өңдеу зауытының директоры Бейбіт Бисекештің сөзіне сүйенсек, аталмыш тұқымның сүтінен ірімшік, қаймақ, сүт, сүзбе, иогурт, айран жасалады. Занниндік ешкілер ерекше сүтімен құнды. Жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алуға, иммунитетке пайдасы зор.

ешкі 5-800x600

Зауытта өндірілетін ешкі сүтінің құрамында лактаферрин бар. Лактаферрин ана сүтінің құрамында да кездесетіндіктен ешкі сүтінің балаларға да пайдасы өте зор. Қазіргі таңда мұнда 400-ге жуық ешкі бар. Алдағы уақытта төл басын екі мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Бүгінде зауыт 200 мың АҚШ доллары тұратын ресейлік, итальяндық, еуропалық құрылғылармен жабдықталған. Сауын мен сүт өңдеу процесі толық автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасайды. Өндіріс орнында 12 адам қызмет етеді. Жұмысшылар санын жергілікті тұрғындар есебінен 40 адамға көбейту көзделіп отыр.

ешкі 2-600x800
Айта кету керек, құрылғылармен тәулігіне 2 жарым тоннаға жуық сүт өнімді шығарылады. Сүт өнімдерін 5 тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар.

ешкі 3-800x600

Бір таңқаларлығы, сүт өнімдерін өндіру адамдардың қатысынсыз толық техниканың көмегімен, бір оператордың басқаруымен ғана жүзеге асады.

Ертай Бимұханов,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале