10.07.2019, 13:22
Оқылды: 264

БҚО-да Ғ.Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауы өтуде

Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған ІV республикалық «Жезтаңдай, күміс көмей ән дүлдүлі» атты дәстүрлі әншілер байқауы басталды. Байқаудың ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, құттықтады.

IMG_9526

         Айтулы шараға арнайы шақырылған дарынды әншінің ұрпақтарын, белгілі өнер адамдары мен қонақтарды, байқауға қатысушы үміткерлерді аудан орталығына кіреберістен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы бастаған топ қарсылап, құрмет көрсетті.

IMG_9536

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған шара орталық саябақтағы Ғ.Құрманғалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, дарынды әншінің рухына тағзым етуден басталды.

         Аудандық мәдениет үйінде өткен байқаудың ашылуында алдымен қайталанбас өнер иесі Ғ.Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайында бейнекөрсетілім көрермен назарына ұсынылды.

IMG_9552

         Облыс әкімі Ғали Есқалиев байқау қонақтары мен республикалық ән байқауының қатысушыларына сәттілік тілеп, ән мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін жеткізді.

IMG_9562

         Дәстүрлі ән мектебінің ұлы көшін үзбей келер ұрпаққа насихаттап өнер әлемінде жаңа таланттарды табу мақсатында өтіп жатқан байқауға еліміздің әр аймағынан 22 өнерпаз қатысып, бақ сынауда.

IMG_9596

         Екі кезеңнен тұратын ән байқауында ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын бастаған қазылар алқасы үміткерлер өнеріне баға беруде.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале