10.08.2018, 17:35
Оқылды: 49

БҚО-да «Інжу-маржан» атты дәстүрлі әндер шеруі өтті

Қаратөбе ауданының 90 жылдығына орай «Інжу-маржан» атты дәстүрлі әнші-термешілер концерті өтті. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық мәдениетіміз дәріптелді.

Концерттік бағдарламада сал Мұхит пен жезтаңдай әнші Ғарифолланың ізін жалғастырушы жыршы, термеші, дәстүрлі әншілер кең көсіле шырқады.

Мерекелік шарада дәстүрлі әннің дүлдүлдері халық әндерін, Мұхиттың әндерін орындап, мереке шырайын кіргізді.

Концерттік бағдарламада халық әні «Ақерке», «Айнамкөз», «Ақсұңқар», «Асыл қарғам» Мұхиттың әні «Айнамкөз», «Үлкен айдай», «Кіші айдай», Қанапияның әні «Қанапия», Сартай Көшкінұлының термесін жерлес дәстүрлі әншілер шырқап,  көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

IMG_2380

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале