16.01.2017, 15:27
Оқылды: 64

Киіктердің саны 200 мыңға азайып кеткен

      Жаңақала ауданындағы Мәстексай ауылдық округінде киіктерді браконьерліктен сақтау мақсатында жиын өтті.

    Аталмыш жиынға БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Дәулетжанов, БҚО ІІД ЖПҚ бастығы М.Ғабдуллин, аудан әкімінің орынбасары Д.Закарин және Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай ауылдық округтерінің әкімдері мен учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.

- Батыс Қазақстан облысында 70-80 мыңға жуық киік бар. Бүгінгі таңда олар Қазталов-Орда бағытында көшіп барады. Биылғы қардың қалың түсуіне орай олардың бір бөлігі Жаңақала ауданына кірген. Титықтап, әлсірген киіктерге броконьерлер де тиісіп жатыр. Біздің осы бас қосуымыздың басты мақсаты-даланың киелі жануарларын қорғау үшін біз болып, сіз болып сақтау. Бұған  тек ішкі істер қызметкерлері немесе әкімшілік қызметкерлер қарауы тиіс демей, бұл мәселеге халық болып жұмылуымыз қажет,- деп халықтан көмек сұрады БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Дәулетжанов.

Аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Айтекешов қаршанамен киіктің артынан қуған броконьерлер біздің ауданнан емес, басқа аудандардан келгендер екенін айтты. Ал БҚО ІІД ЖПҚ бастығы М.Ғабдуллин әр ауданда атылған киіктер туралы нақты сандарды атап, елімізде киіктердің саны соңғы жылдарда 200 мыңға азайып кеткенін айтып, дабыл қақты.

Н.Ғаббасов

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале