25.01.2020, 21:27
Оқылды: 367

БҚО-да құсбегілердің республикалық турнирі өтуде

Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылында "Жайық қыраны - 2020" атты құсбегілер арасында республикалық турнир басталды.

IMG-20200125-WA0092-800x533
Құсбегілік - қазақты жер бетіндегі өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын бекзада өнердің бірі. Облысымызда осымен екінші мәрте өткізіліп отырған турнирдің бұл жолы Теректі төрінде, Батыстың інжу-маржаны Шалқар көлі жағасында ұйымдастырылуы көпшіліктің назарын аударды.

20200125_212323

Турнирге БҚО-дан бөлек, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының құсбегілері қатысуға ниет білдірген.
Жарыстың ашылу салтанатында Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов сөз алып, саятшылық спорттың мәртебесі арта беруіне тілектестік білдірді.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру ісі комитеті, спортты дамыту дирекциясының құсбегіліктен аға жаттықтырушы Базарбек Күнтуғанұлы және республикалық турнирдіңбас төрешесі, ұлттық дәрежедегі төреші Дулат Маратұлы құттықтау сөз сөйледі.
Теректілік таланттар "Үш қоңыр" триосы мен Подстепный мәдениет үйінің әншілер тобы әсем әуен арқылы турнирдің сәнін келтірді.

20200125_211701-800x482
Қыран құстарды қоян мен түлкіге салуға асыққан құсбегілер, сол көріністі тамашалауға ынтық болған көрермендер екі күн бойы турнирдің көркін қыздырады. Төл өнерімізді ұлықтау кейпіндегі шараның қорытындысын алдағы уақытта жариялаймыз.

Әділет Әлібек
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

20200125_211720-800x674 IMG-20200125-WA0094-800x533 IMG-20200125-WA0107-800x533 IMG-20200125-WA0099-800x533

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале