9.10.2017, 17:07
Оқылды: 16

БҚО-да Марат Елеусінов атындағы турнир аяқталды

 

Қазталов ауданында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазталов ауданының «Құрметті азаматы» Марат Елеусіновтің жүлдесіне арналған дəстүрлі V-ші облыстық ашық турнир салтанатпен ашылды.

Марат Елеусінов атындағы облыстық ашық турнир 4 күнге созылды. Жарысқа Атырау, Маңғыстау, Орал қалаларынан және Александров-Гай, Қазталов аудандарынан 173 боксшы қатысты.

Нәтижесінде 2006-2007 жылғы туғандар арасында 28 келі салмақта Әлихан Нәбиев (Орал спорт клубы), 30 келі салмақта Бекзат Боранбай (Маңғыстау), 32 келі салмақта Марат Әнуарбек (Атырау), 34 келі салмақта Мұхаммедәли Қадержанов (Қазталов, Бостандық), 36 келі салмақта Өнер Сейілхан (Орал спорт интернат) жеңіс тұғырына көтерілді.

2004-2005  жылғылар арасында 34 келі салмақта Бекарыс Қабдолла (Қазталов-Қайыңды), 36 келі салмақта Әмір Сейілхан (Орал спорт интернат), 38 келі салмақта Бекарыс Маратов  (Қазталов, Бостандық), 40 келі салмақта Алпамыс Елеуов (Теректі), 42 келі салмақта Бейбарыс Қабдолла (Қазталов, Қайыңды) озық болды.

2002-2003 жылғылар арасында 38 келі салмақта Санжар Марксов (Қазталов, Бостандық), 40 келі салмақта Абзал Ахметжанов (Орал спорт интернат), 46 келі салмақта  Әлижан Қадырханов (Орал спорт интернат), 48 келі салмақта Иман Джураев (Александров-Гай), 52 келі салмақта Айхан Қадырбеков (Қазталов, Бостандық), 54 келі салмақта Асхат Болатов (Орал спорт интернат) үздік атанды.

2000-2001 жылғылар арасында 49 келі салмақта Нұрсұлтан Нұреддинов (Орал спорт интернат), 56 келі салмақта Наурызбек Ақбала (Ақжайық) жүлделі орындарды иеленіп, алғыс хаттармен, медаль, кубоктермен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале